Ақындық челлендж. Ноғаев Сириядан оралған қазақстандықтан эстафетаны қабылдады

0
169

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” атты шығармасын оқыды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаев 6 адамнан қабылдады. Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова,Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Медея Даниярқызы, “Ақ Жайық” газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9 – сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай – ақ актер, театр және кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа тапсырды.

Атырау облысының әкімі Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” атты шығармасын оқып, эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім, жазушы Роллан Сейсенбаев пен экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз