Абаев аймақтық БАҚ өкілдерін марапаттады

0
154

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев медиаапталықтың екінші күніннде аймақтық БАҚ өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады. 

Министр апталықтың екінші күнін ашу барысында шараның маңыздылығы мен міндеттеріне тоқталып “Биыл үшінші жыл өңірлік масс-медиа өкілдерінің басын қосып отырған форум Astana Media Week аясында өтіп жатқаны баршаңызға мәлім. Журналистер үшін баспасөз қызметі мен ақпарат саласының басқа да қызметкерлері үшін семинар, тренингтер өтті. Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізуде, қоғамдық өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың атқарар маңызы зор. Бұл іс-шараның маңыздылығы жыл санап артып келеді. Шарада жетекші жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін бір алаңда жинап, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың өзекті мәселелерін талқылай аламыз”,- деді. 

Сонымен қоса, өңірлік БАҚ форумя аясында Дәурен Абаев мерейтой иелері Шығыс Қазақстан облысын газетінің ғасырлық тарихы бар басылым “Рудный Алтай” газеті, 95 жылдық тарихы бар атыраулық “Атырау” газуті, Ақмола облысынан шығарылатын 90 жылдық тарихы бар “Есіл Нұра” газеті, 85 жылдық мерейтойын атап өткен қызылордалық “Жаңақорған тынысы” газеті,80 жылдығын атап өткен Павлодар облысының “Ақжол Новый путь” газеті мен “Халық радиосы” радиосы, жарты ғасырдан бері қазақстандық оқырмандарын қуантып келген “Вечерный Алматы” газеті, Қарағанды облысына тиесілі “Сарыарқа” газетін алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, медиаапталықтың екінші күнінде Қазақстандағы медиа сауаттылық пен медиа білімнің дамуы мен болашағы, Отандық масс-медиа қызметіне қатысты заңнама саласындағы реформалар, Цифрлық медиа түрлендіру: контент нарығы, өндірісі мен дистрибуциясы қандай деген сауалдар өзекті мәселеге айналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз