Аяз көтеріледі

0
143
дереккөзден

“ҚазГидромет” жақын күндері Қазақстанға қытымыр аяз келетінін хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Синоптиктер Орталық Азия аймағынан келетін циклоннан елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, көктайғақ және тұманға ұласатын жаңбыр жауатындығын хабарлайды. Ал Қазақстанның шығысында боран ұйытқып, қар жауады, қатты жел тұрады.

“Ауа температурасы жақын тәулікте көтеріледі, ал 11 қаңтардан бастап әсіресе Қазастанның шығысында төмендейді” – ҚазГидромет.

11 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстанда ауа температурасы қайтадан -30 -37 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың солтүстік және орталығындағы кей аймақтарда ғана қар жауады, ал түнде -28 -35 градусқа дейін төмендейді. Батыс Қазақстанда уақытша күн суытып, кейіннен ауа температурасы көтеріледі, қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды синоптиктер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз