Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

0
102

Қазгидромет 23-25 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазгидромет Қазақстанның батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды.

Осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2…6°С төмендейді.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз