Алматыда XXV KIOGE мұнайгаз көрмесі мен конференциясы өтеді

0
80

Ширек ғасыр бойы KIOGE қазақстандық халықаралық көрмесі мен конференциясы жыл сайын Алматыда әлемдік мұнай газ нарығы өкілдерінің басын қосады. KIOGE көрмесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің  қолдауымен өткізілетін көрме әдеттегі үрдіс бойынша биылғы жылы қазақ айының 4-5 жұздызында өткізіледі.

Қазан айына жоспарланып отырған көрме геология, барлау, қайта өңдеу, сервистік және консалтингтік қызметтерді көрсету  сияқты бағыттарға бөлінген. Сонымен қоса  KIOGE көрмесінің павильондарында серіктестер мен экспоненттердің қатысуымен таныстыру рәсімдері мен медиа іс-шаралары жоспарланған.

KIOGE Көрмесі мен Конференциясы осы жылы мұнай бағаларының төмендеуі кезінде бірінші кезекте компанияның қызметіне инвестицияларды тартуға, сонымен қатар, мұнайды өңдеудің тиімділігін арттыруға қатысты көптеген маңызды тақырыптар талқыланатын болады.

Мұнай-газ нарығы өкілдерінің пікірталастары осы сектордың маңызды міндеттерін шешу және оның ары қарай дамуы үшін арнайы жоспарлар жасайтын болады.

Сондай-ақ әлемнің 20 елінен 250 компания қатысады деп жоспарланып отырған KIOGE Қазақстан халықаралық көрмесі мен конференциясы  аясында Қазақстанның мұнай-газ саласынаң аты аңызға айналған тұлғаларының қатысуымен  өткізілетін сессия қарастырылған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз