”Анашым, біз үйдеміз” тележобасы іске аспақ

1
579

«Анашым, біз үйдеміз» тележобасы отбасыларға бақыт сыйламақ.

«Анашым, біз үйдеміз» тележобасына 18 жасқа толмаған 4 баладан көп баласы бар отбасылар қатыса алады. Қатысушыларды іріктеу үшін телеарнада арнайы комиссия құрылады. Комиссия келіп түскен өтінімдерді қарай отырып, қызықты өмірлік тарихы бар отбасын жоба қатысушысы ретінде іріктеп алатын болады. «Мемлекет тарапынан бұл жобаға 130 млн теңгені «31-арнаға» беріп жатырмыз. «31-арна» өз тарапынан тағы да қаражат қосады. Сол арқылы осы жылдың соңына дейін 20-дан астам отбасының үйін толығымен жөндеп береміз», – деді Дәурен Абаев.

Жобаға еліміздің кез- келген жерінде тұратын отбасы қатыса алады.

«Пәтерлер мен үйлер толық жаңарып, жобадағы әрбір отбасы мүшелерінің өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналады. «Анашым, біз үйдеміз» жобасының кейіпкерлерімен де көрермен жан-жақты танысады. Отбасының тұрмысы, тағдыры ешкімді де бей-жай қалдырмайды деп ойламын», – деді Дәурен Абаев.

Ал «31-арнаның» бас директоры Юрий Бродский жобаның әрбір сериясы жеке шығарылым, бір отбасының жеке тарихы болатынын айтты. «Алғашқы маусымда бүкіл Қазақстан бойынша 24 серия болады. Яғни, оған 24 отбасы қатысады. Одан кейін де бұл жоба жалғасын табатынына үміт артамыз», – деді.
Айта кетейік, жобаны дайындау бүгін басталды. Оған қатысу үшін өтінімді dom@31.kz электрондық поштасына жіберу немесе +77082677326 нөмірі арқылы жоба үйлестірушілеріне байланысу қажет. Ал 11 тамыздан бастап «31-арна» көрермендері әр отбасымен жеке танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейгеніне куә болады.

 

 

1 ПІКІР

  1. Салеметсіздерме мен Алматы обл село Чунджадан боламын мен сіздерге Өтініш тастағам и жауабын бересіздер деп кутип журмин

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз