Апострофты пайдалануға әлі ерте – Қ. Тоқаев

0
49
дереккөзден

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, баспа және өзге де басылымдарда қазақ тілінің латын әліпбиіндегі апостроф нұсқасын пайдалануға әлі ерте деп пікір білдірді.

Тоқаев «Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан “апостроф” әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте», – деген пікірін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Twitter) жариялады.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/942718436072882176

Атап өтерлігі, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 қарашада қазақ тілін кириллицадан латын графикасын көшіру туралы қаулыға қол қойды. Мемлекет басшысы аталған мәселе бойынша Үкіметке Ұлттық комиссияға құруды және 2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуді тапсырды.

 

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз