Қарағандыда “Дарын” жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

0
132

ҚР Тәуелсіздігі Күні қарсаңында Теміржолшылар мәдениет сарайында Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров «Дарын» сыйлығының лауреаттарын марапаттады.

Аталмыш сыйақы жас қарағандылықтарға ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметтердегі жетістіктері үшін беріледі, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, «Жас жыл көшбасшысы» аталымын Біржан Иманов иемденсе, «Жылдың жас кәсіпкері» – Жұлдыз Рахымбаева атанды. «Жылдың жас спортшысы» Аблайхан Жүсіпов болса, «Жылдың жас дәрігері» аталымы Гүлімай Баймұхановаға бұйырған. «Жылдың жас журналисі» Жанбота Елубаев атанса, «Жылдың жас жұмыскері» Думан Маралбай болды.

Жеңімпаздарға 100 мың теңгелік сертификаттар, ал үміткерлерге құрмет дипломдары табысталған.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз