Қарашаға арналған ауа райы болжамы

0
119

Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес қараша айында ауа райы құбылмалы болады. Жылы күн райы мен аязды күндер ауысып, жауын-шашын мен көктайғақ болады. Қыстың суығы сезіліп, екпінді жел соғып, тұман түседі.

Алғашқы онкүндіктің ортасында және соңында аяз кәдімгідей сезіледі, термометрдің бағанасы республиканың солтүстік бөлігінде түнде 5…15 аязға дейін, күндіз 0…8 аязға болады. Оңтүстік бөлігінде түнде 0…7 аязға дейін, күндіз 0…5 жылыға дейін төмендейді.

Екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болжанатын екі суық толқын алдыңғыдан қарқындырақ күтіледі. Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында – нормадан 1°С төмен күтіледі.

Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында мөлшерден аз, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда мөлшерден көп болуы ықтимал.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз