Қаржы министрлігі: Азаматтар жер және мүлік салығын ай соңына дейін төлеуі қажет

0
126

Қаржы министрлігінің хабарлауынша барлық жеке тұлғалар жылжымайтын мүлік және жер салығын 2020 жылдың 1 қазанына дейін толық төлеуі қажет.

Салықты электронды түрде қалай төлейді?

Салық туралы төлемдермен ақпараттарды білу үшін E-Salyq қосымшасын Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп
алыңыз, “салық әмиянын” толтырып, оңай жолмен төлеңіз. Мұнда сіз өзіңіздің атыңызда тіркелген салық салу объектілері туралы мәліметтерді ала аласыз.

Салықтарға есептелген сома туралы ақпаратты e-Salyk мобильдік қосымшасындағы “Салық әмияны” қызметінің жеке кабинетіндегі
“Бюджетпен есеп айырысу” бөлімінде көре аласыз.

Қате есептелінген салық объектілері жөніндегі міндеттемелерді “Салық әмияны” қызметінің “Салық салу объектілері” бөлімінде түзетуге болады. Жер салығы бойынша салық салу объектілері туралы деректерді түзету қызметі 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз