Астана әкімдігі шағымдарды WhatsApp арқылы қабылдайды

0
121

Астана қаласының iKOMEK бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың шағымын WhatsApp (+77471090109) нөмірі арқылы қабылдайтын болды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева фейсбук парақшасында жазғандай, аталмыш WhatsApp нөмірге тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық көлік, ПИК-пен жұмыс, жанар-жағармай мәселесі, лифттердің мәселесі, ашық құдықтар, су басу, қаңғыбас иттер және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақ жолдауға болады.

“Назар аударыңыз: мәтінді келесі шаблон бойынша жолдауды өтінеміз: Өтініш берушінің аты-жөні, байланыс телефоны, өтінішінің мазмұны, уақыты мен күні, өтінімге қатысты нақты мекенжай, мүмкін болған жағдайда фотоматериал қажет. Қоғамдық көлік мәселесіне қатысты өтініште уақыты мен күнін, автобустың бағытын, автобустың нөмірін және шағым себебін жазу керек. Шаблон бойынша толтырылмаған өтініштер қабылданбайды. Барлық мәтін бойынша өтініштер тәулік бойы қабылданады. Нөмірді сақтап алыңыздар: + 77471090109, + 77471090109, + 77471090109”, – деп жазады Эльвира Жүргенбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз