Астанада 55 автобустың қозғалысы уақытша өзгереді

0
101

Елордада 8 қыркүйек күні бірнеше көше жабылып, көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Астана LRT баспасөз қызметі хабарлады. 

“2019 жылдың 8 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін “Astana Marathon-2019″ марафонының өтуіне байланысты белгілі көшелер жабылып, көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектеледі”, – делінген хабарламада.

Уақытша 55 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді (№2, 3, 4, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 20, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 31, 32, 33, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 102, 104, 105, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321).

Сонымен қатар қоғамдық көліктің 10 бағдарының қозғалысы тоқтатылады (№21, 29, 35, 47, 50, 51, 60, 100, 101, 107).

Бағдарлардың өзгертілген сызбаларымен мына сілтеме арқылы өтіп алдын ала танысуды сұрайды.

Қозғалыстың қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз