Астанада бірнеше көшелерде жарық болмайды

0
79
дереккөзден

“Астана-РЭК” 21 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін құрал-жабдықтарды ауыстыруға байланысты жарықтың тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Қалалық электр желісінің ақпаратынша,   сөндіру құралдарды ауыстыруға байланысты болмақ. Электр жарығы мына көшелер бойынша тоқтатылады.

Промышленный елді мекеніндегі Көкарал көшесі мен Атамұра көшесінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, 187 көшесіндегі 14/4, 16/4 үйлерінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Байсейітова көшесі 7-33, 51-57, Конституция 21, Барқытбел 28, Көктал поселкесіндегі Байқоңыр, Естай, Еңлік-Кебек 3 көшелері бойынша сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін, Бесағаш 5 көшесі бойынша сағат 14:00, 18:00-ге дейін, Герцен 6 көшесінде 14:30-дан 18:00-ге дейін, Кенесары 57 көшесінде 14:00-ден 18:00-ге дейін, Сауран 5-7, Жұбан-ана 8, Аягөз 1, Жәнібек, Керей хандар 9 көшесі бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жарық сөндіріледі.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз