Астанада көпбалалы аналар жұмыспен қамту орталығында атой салды

0
88
КТК телеарнасының кадры

Астанада көпбалалы аналар жұмыспен қамту орталығына барып, мемлекет басшысы өз бастамасында уәде еткен жоғарлатылған әлеуметтік көмекті рәсімдеуін талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. 

Адамдар мамандардан кеңес алу үшін сағаттап кезекте тұрған. Бір маманға 80 адамнан келген.

“Әр адам жеке тұлға. Оның өз тарихы бар. Толыққанды кеңес беру үшін дерекқордан кеңестер түсімін күтеміз”, – дейді елордадағы халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Данияр Нұрпейсіов.

Келушілердің саны көп болғандықтан, орталық басшысы да міндет алған. Абай Баймолдиннің сөзінше балаларға төленетін жәрдемақыға қатысты құжаттарды рәсімдеу заң жарлығы күшіне енгеннен кейін яғни шілде айына қарай жүзеге асады.

“Біз бүгін нақтыланған ережелерге сүйенетін боламыз. Жаңа ережелер маусым я мамыр айларында күшіне енер, сол ережелерге сәйкес жұмыс істейтін боламыз”, – дейді А.Баймолдин.

4 наурыздан бастап жұмыспен қамту орталығы штаттағы қызметкерлер санын арттырмақ. Бұл мамандарға келушілермен жұмысты жүйелі атқаруға мүмкіндік бермек.

Бұған дейін “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкіметке көпбалалы отбасындағы әр балаға берілетін әлеуметтік көмекті 21 мың теңге көлемінде арттыруды тапсырған еді. Көмек нәтижесі 830 мың адамды қамтиды, соның ішінде шамамен 550 мыңы – балалар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз