Астанада WorldSkills Kazakhstan IV чемпионаты өтіп жатыр

0
138

3-7 желтоқсан күндері Астанада WorldSkills Kazakhstan IV чемпионаты өтіп жатыр. Елордаға Қазақстанның барлық өңірінен 30 мамандық бойынша 350-ге жуық үміткер келіп, кәсіби тұрғыда жарысуда. Байқауға қатысушылардың дені колледж және ЖОО студенттері.

WorldSkills Kazakhstan жобасы жастар арасында кеңінен танымал

WorldSkills — кәсіптің мәртебесін арттыратын, кәсібилікті насихаттауды мақсат еткен коммерциялық емес бастама.

Төрт күнге созылатын жарыста қатысушылар түрлі кәсіп бойынша бақ сынайды.

Кондитерлік шеберлік

Наубайхана ісі
Ұннан жасалған тағамдар.
Шаштараз
Мейрамхана қызметі, аспаз
Бояу және әрлеу жұмыстары

Графикалық дизайн
Веб-дизайн
Сантехника мен жылу беру
Электромонтаж жұмыстары
Құрғақ құрылыс және сылақ
Кірпіш қалау
Тігіншілік

Айта кетейік, былтыр қазақстандық жас шеберлер Абу-Дабиде өткен WorldSkills-2017 байқауына қатысқан болатын. Биыл бұл жарыс Мажарстан астанасында өтті. Будапештке EuroSkills 2018-ге қатысқан қазақстандықтар 10-шы орын алды.

Абдіманап Кеңес,

Журналист

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз