Астанада жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі тіркелді

0
189
дереккөзден

2017 жылдың қорытындысы бойынша Астанадағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.

Елордадағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті хабарлағандай, бұл республикадағы ең қалыпты көрсеткіш.

«1 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына еңбекпен қамту бойынша 4411 адам өтініш берген. Оның ішінде жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларына 1660 адам қамтылды. Атап айтқанда, 767 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылса, оқу орындарының 188 түлегі жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарымен 58 адам қамтылған, 647 адам қоғамдық жұмысқа жұмылдырылды»,

– деп хабарланады мәлімдемеде.

Осы жылы қысқа мерзімді кәсіптік білім беруде 700 адамды қамту жоспарланып отыр (кәсіптік білім беру аспаз, электромонтаждаушы, электрлі газбен дәнекерлеуші, тігінші, шаштараз мамандықтарын қамтиды).

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз