Астаналықтар үшін жаңажылдық түн ұйымдастырылады

0
73

1 желтоқсанда сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін ЭКСПО мұз қалашығы мен қалалық әкімдік жанындағы алаңда бұқаралық жаңажылдық түн өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар жне құжаттама басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажыл түні көңілді мерекелік бағдарлама ұйымдастырады.

Басқарма таратқан ақпарға сәйкес, 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары ЭКСПО мұз қалашығында, сондай-ақ қалалық әкімдіктің жанындағы қалалық алаңда ашық аспан астында баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Мерекелік кеште Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер, Дос, Күләйым Қайырбаева, Альбина Оганесян, Ақылбек Жеменей, Асхат Тарғынов және  «АРТ Домбыра» триосының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концерт өтеді.

«Жаңа жылдық түні шараға қатысушылар мерекелік отшашу тамашалайды. 2018 жылды қарсы алуға орайластырылған салют елорданың үш ауданында: ЭКСПО аумағында, Есілдің жағалауында және Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының бойында болады», –  деп хабарлайды басқармада.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз