Астаналықтар 1-3 маусым күндері қалада тегін экскурсия жасай алады

0
137

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, Астананың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде, сонымен қатар Балаларды қорғау күні 1, 2, 3 маусымда Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобуспен тегін саяхаттай алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдегенің баспасөз қызметі хабарлайды.

Экскурсия MEGA Silkway» және «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығынан басталады. Саяхаттау барысында автобустың салонындағы дыбыс күшейткіш аудиогидті пайдалану арқылы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

AiLand аялдамасынан бет алған автобус әрі қарай мынадай аялдамалар бойынша жүреді: «Хан Шатыр» ОСО, «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасы, «MEGA SilkWay» ОСО, «Астана Бәйтерек» монументі және Ұлттық музей:

– сағат 10:00 (қазақ тілінде);
– сағат 12:05 (орыс тілінде);
– сағат 14:45 (қазақ тілінде);
– сағат 16:50 (орыс тілінде);
– сағат 18:55 (қазақ тілінде).

MEGA Silkway аялдамасынан бет алған автобус әрі қарай Ұлттық музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр» ОСО және «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасына дейін жүріп өтеді.

– сағат 10:00 (қазақ тілінде);
– сағат 12:05 (орыс тілінде);
– сағат 14:45 (қазақ тілінде);
– сағат 16:50 (орыс тілінде);
– сағат 18:55 (қазақ тілінде).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз