Астананың 20 жылдығына ұлттық музыка орындаушыларынан сый

0
586
Астананың 20 жылдығы қарсаңында жыл сайынғы үрдіске сай «Астана Арқау» дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі өтті.

Биыл фестивальге қазақстандық ұлттық музыка орындаушыларымен қоса Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Татарстан, Иран, Украина, Қарақалпақстан елдерінің 30-ға жуық ұлттық музыка орындаушылары, оның ішінде жойылып бара жатқан түркі халықтарының өкілдері қатысты.

Шараға елімізден белгілі домбырашы, композитор-күйші Шәміл Әбілтаев та қатысты. Биыл күйші өзінің 70 жылдығын тойламақ. Мерейтойының құрметіне сахнада ақсақалға сый ретінде шапан жабылды.

11 жыл ішінде Астана түркі өркениетінің ұлт өкілдері бас қосқан ауқымды жиынға бастамашы болуда. «Астана-Арқау» фестивалін тұрақты түрде өткізу халықаралық деңгейдегі ұлтаралық қарым-қатынас дәстүрін жаңғыртуға, Қазақстанның түркі музыкалық мәдениетінің біріктірушісі ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз