«Қасым хан» тарихи фильміне кастинг жарияланды

0
41

“Қазақфильм” киностудиясы “Қасым хан” атты ауқымды тарихи сериалға актерлер арасында кастинг жариялады. Аталған кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ түсіреді.

Фильмнің көркемдік жетекшісі – «Ертұғырыл» сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай. Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады (ер азаматтардың бойы 180 см. кем болмауы тиіс). Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек. Кастинг Қазақстан бойынша өтеді.

«Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз», – деп ескертеді киностудиядан.

Кастинг жұмыстары Алматы қаласында 25 қаңтардан басталады. Мекенжайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 176, “Қазақфильм” киностудиясы, “ПЛК” ғимараты, 2-ші қабат, 252 кабинет. Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз