“Қазақ радиолары” ЖШС-ға жаңа басшы тағайындалды

0
243
"Қазақ радиолары" ЖШС жаңа басшысы Ернұр Бурахан. Photo: aktobe.gov.kz

Ернұр Бурахан “Қазақ радиолары” ЖШС директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны радио ұжымына корпорация төрайымы Ләззат Танысбай таныстырған. Бұл туралы qazaqstan.tv сайты хабарлады. 

Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар. 2007-2011 жылдар аралығында “Qazaqstan” Ұлттық телеарнасында тілші, редактор, редактор-жүргізуші, шеф-редактор қызметтерін атқарған.

2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2017 жылдан бүгінге дейін “Қазақстан” РТРК” АҚ Ақтөбе облыстық филиалы “Aqtóbe” телеарнасының директоры болған.

“Қазақстан” телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС құрамында “Qazaq radiosy”, “Shalqar” радиосы, “Астана” және “Classic” радиолары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз