Қазақстан 7 елге әуе рейстерін ашады

0
120
Ұшақ. Көрнекі сурет.

Қазақстан 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь республикасына, Германияға, Нидерландыға, Египетке, Украинаға және Ресейге халықаралық рейстерге рұқсат бермек. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

– Министрлік жоғарыда аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін алдын-ала пысықтады. Осылайша, бұл елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі, ПТР тестілеу) Қазақстанмен ұшуды қалпына келтіруді қолдайды, – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, рейстердің саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз