Қазақстанға қандай мамандық иелері қажет?

0
470

Energyprom.kz сайты елдегі ең тапшы мамандар тізімін жариялады. Олар: жол қызметкері, күзетші, даяшы, дәнекерлеуші және автомобиль жүргізушісі.

Елде заңгер және экономистердің көптігінен оларға сұраныс өте аз.

Осы жылдың үшінші тоқсанында электронды еңбек биржасында (ЭЕБ) білікті қызметкерлер үшін 176 мың бос жұмыс орны жарияланған. Бұл екінші тоқсанға қарағанда 12,2% – ға немесе 19,1 мыңға көп. Орналастырылған түйіндемелер саны екінші тоқсанмен салыстырғанда бірден 20,2% – ға артып, 123,1 мыңға жеткен. Шілде айында карантиннің күшейтілуіне байланысты  сұраныс пен ұсыныстың төмендеуі байқалған, алайда тамыз айында карантин бірте-бірте жеңілдетілгеннен кейін бос орындар мен түйіндемелер саны өсе бастаған.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қарағанды және Қостанай секілді солтүстік өңірлерде ЭЕБ-де бос орындар белсенді жарияланған. Бұл өңірлер үшінші тоқсанда республика бойынша барлық бос орындардың 45% – ын толтырған. Осы жылдың үшінші тоқсанында жұмыс іздеушілер түйіндемелерін Нұр-Сұлтан мен батыс өңірлері Маңғыстау және Атырау облыстарына көптеп жіберген.

Елде ең көп сұранысқа ие мамандықтар: жол жұмысшысы (6,8 мың бос жұмыс орны), күзетші (4,9 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушісі (4,3 мың бос жұмыс орны), бастауыш сынып мұғалімі (3,3 мың бос жұмыс орны) және медбике (2,9 мың бос жұмыс орны).

2020 жылдың үшінші тоқсанында ең тапшы мамандар: жол жұмысшысы (бос орын саны түйіндеме санынан 4,8 мыңға көп), күзетші (3,2 мың), даяшы (1,5 мың), дәнекерлеуші (1,5 мың) және автомобиль жүргізушісі (1,4 мың бос орын бар).

ТОП-10 тапшы мамандыққа слесарь-сантехник, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, монтажшы, санитар және тас қалаушы кірді.

Қазақстанда сұраныс аз мамандықтар: заңгер (жұмыс іздеушілердің түйіндемесі бос орын санынан 1,7 мыңға артық), экономист (649 түйіндеме артық), техник-бағдарламашы (642 түйіндеме артық), дене шынықтыру және спорт мұғалімі (617 түйіндеме артық) және фельдшер (604 түйіндеме артық).

ТОП-10 артық мамандық: техник-технолог, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, қаржыгер және эколог.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз