Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат берілді

0
280
photo: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мешіттеде жамағатпен намаз оқуға рұқсат берді. Ал жұма намазына қатысты шешім әлі шыққан жоқ. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлады.

“Мешіттерде таң, бесін, екінті намазы мен ақшам және құптан намазын санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жамағатпен оқуға рұқсат етілді”, – деді ҚМДБ өкілі.

Мешіттердегі намаз кезінде жалпы аумақтың 30% ғана толтыруға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, діни мекемелердегі шектеулер елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты күшейтілуі немесе жеңілдетілуі мүмкін.

Қазақстанда карантин жеңілдетілгеннен кейін мешіттердің қызметі 18 мамырдан бастап қайта басталды. Алғашында жеке намаз және Құран оқуға, үйлену рәсімдеріне ғана рұқсат етілген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз