Қазақстанда баспана бағасы көтерілді

0
241

Жалға берілетін тұрғын үйдің құны бір жылда орта есеппен 7,3 пайызға артқан.

Қазіргі таңда сатылымдағы жаңа тұрғын үйдің шаршы метрге шаққандағы бағасы 277 368 теңгені құрайды. Бір жыл ішінде оның бағасы 3,2 пайызға артқан.

Көпқабатты үйде орналасқан, жабдықталған қайталама нарықтағы баспаналар орташа есеппен бір шаршы метрі 189 127 теңгеден сатылуда. Ал қайталама нарықтағы жеке жайлардың шаршы метрі 118 834 теңгеден сатылуда. Баспаналар бағасының өсімі бір жылда 2 және 3,1 пайызға артқан.

Қазақстан бойынша жалға берілетін пәтер бағасы күрт өскен. Қазіргі уақытта жалға берілетін пәтердің шаршы метрге шаққандағы бағасы орташа есеппен 1 421 теңгені құрайды. Бұл баға бір жыл ішінде 7,3 пайызға артып үлгерген.

Бұған дейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын жұмыс істейтін жастарға 1 000 пәтер салуды тапсырған болатын.

Мемлекеттік даму министрі Дархан Қалетаевтың айтуынша Елбасы тапсырған бұл баспананы жасы 29-ға толмаған тұрақты жұмыс істейтін әр азамат ала алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз