Қазақстанда көлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтады

0
115

Қазақстанда автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.

“Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды”, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз