Қазақстанда көлік жүргізу куәлігі өзгеруі мүмкін

0
600
Photo: legalacts.egov.kz

Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы құжат жаңа дизайнда шығуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі “Ашық НҚА” порталында осындай өзгерістер жобасын ұсынды.

Жүргізуші куәлігінің түсін ашық күлгін етіп өзгерту ұсынылған. Ақпарат сақталатын микросхема артқы бөлігіне ауысады.

Жүргізуші куәлігінің жаңа дизайны.

Ал көлік құралын тіркеу туралы куәліктің түсін қанық қылып жасағысы келеді.

Көлік құралын тіркеу туралы құжат.

Сондай-ақ, техника құжаттарында штрихкод пайда болады.

“Қазақстан Республикасы” сөзі жаңа нұсқада да, бұрынғыдай кириллицамен жазылған. Бірақ, құжаттардың өлшемі өзгермейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз