Қазақстанда Нұрсұлтан есімді қанша қыз бала тұрады?

0
122

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың 18 076 аттасы бар. Олардың 1617-сі Нұр-Сұлтанда тұрады. Бұл туралы Елорда Инфо сайты жазды. 

Ұлттық экономика министрлігі, статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы 41 сәби Нұрсұлтан есімін алыпты. Бұл – 2015 жылмен салыстырғанда 5 есе аз. Себебі 2015 жылы 205 бүлдіршінге Нұрсұлтан есімі қойылған. Бұған Елбасының 2015 жылдың 29 сәуіріндегі инауграциясы себеп болған көрінеді. 2016 жылы 136 балаға ғана Нұрсұлтан аты қойылған. 2017 жылы – 104, 2018 жылы – 67. Ал ел астанасының атауы өзгертілгелі бері Нұрсұлтандардың қатары 28 адамға көбейген.

Қазақстанда 5 Нұрсұлтан және 2 Нұрсұлтана есімді қыз бар. Ал статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда аты-жөні Нұрсұлтан Назарбаев болып жазылған 56 адам тұрады екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз