Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды

0
103
Photo: interfax

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДҰҰ) коронавирустың пандемиясы жариялануына байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізуді шешті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, төтенше жағдай режимі 16 наурызда таңғы 8- ден 15 сәуірде 7-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Төтенше жағдайға байланысты осы кезеңде премьер-министр Асқар Мамин басқаратын арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Осыған орай Қазақстанда бірқатар шектеулер енгізілді. Ірі сауда объектілер, театрлар, кинотеатрлар, көрмелермен және адамдар көп жиналатын басқа да орындардың қызметі тоқтатылды. Спорттық және ойын- сауық іс-шаралары және әр түрлі тойларға тыйым салынды.

Елдегі ТЖ режиміне байланысты медициналық тексеруден және емдеуден жалтарған адамдарды жауапқа тартылады. Сонымен қатар карантиндік режимді сақтауды және бақылау күшейтіледі.

ТЖ режиміне байланысты 16 наурызда Президент телевизиялық эфирде сөз сөйлейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз