“100 жаңа есім” жобасында дауыс беру мерзімі аяқталуға жақын

0
129
ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бастама көтерген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңінде қатысушыларға онлайн-дауыс беру жалғасуда.

Дауыс беруге 302 кандидат ұсынылған, олар қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінген: ғылым – 45 адам, спорт – 42 адам, қоғам – 86 адам, медицина – 46 адам, мәдениет – 37 адам және бизнес – 46 адам. Дауыс беруге ұсынылған кандидаттар Астана, Алматы қалаларынан өзге де аймақтарды қамтыған деп хабарлайды Ақпарат Комитеті.

Бүгінге дейін жоба қатысушыларына 65 602 адам 136 238 дауыс берді. Аталған уақыт аралығында ең көп дауыс жинағандар арасында Шымкент қаласының кәсіпкері, меценат Қайрат Молдасеитов (3989 дауыс), Алматы қаласында тұратын жас композитор, пианист Рахат-Би Абдысагин (3242 дауыс) және Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылықпен айналысатын кәсіпкер Қуаныш Сүлейменов (3076 дауыс) бар.

Сонымен қоса, EL.KZ интернет жобасының редакциясы аптаның демалыс күндері дауыстарды қабылдау бойынша офлайн-акция өткізуде. Келесі кезекті акция 4 қазанда MEGA Silk Way ОСО-да өтеді.

Атап өтерлігі, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушыларға дауыс беру 10 қараша күні аяқталады. www.100esim.el.kz сайтына кірген кез келген пайдаланушы әр санат бойынша 3 адамға дауыс бере алады, яғни әр адамның 18 қатысушыға дауыс беруге мүмкіндігі бар.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыру нәтижесінде заманауи Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты тарихы мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту көзделеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз