Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

0
111
Күнтізбедегі мереке күні. Көрнекі сурет.

Қазақстан күнтізбесіне жаңа кәсіби мереке енгізілді. 11 қараша Энергия үнемдеу күні болып белгіленді.

Үкімет басшысының 28 наурыздағы тиісті қаулысы “Әділет” нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

ҚР Үкіметі ҚР “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 4-бабына сәйкес ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 “Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы” қаулысына толықтыру енгізуді қаулы етті.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің көрсетілген қаулымен бекітілген тізбесі мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын: “42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша”. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, – делінген Асқар Мамин қол қойған қаулыда.

Еске салайық, 2018 жылдың қараша айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Қазақстанда 11 қарашаны Энергия үнемдеу күні ретінде бекіту туралы бастама көтергені хабарланған еді.

Келесі жылдан бастап энергия үнемдеуді насихаттау үшін кешенді бағдарламаны іске қосқалы отырмыз. Сонымен бірге Халықаралық энергия үнемдеу күніне (11 қараша) Қазақстанда кәсіби мереке мәртебесін беруді көздеп отырмыз. Бұл үшін 11 қарашаны Қазақстан Республикасындағы мереке күндері тізіміне енгізу бастамасын көтердік, – деген еді ведомствоның Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев Астанада өткен форум барысында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз