Қазақстандық суретші Лейла Махаттың «Осындамын» атты сурет көрмесі өтті

0
265

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Кескіндеме және Мүсін бөлімінің доценті, суретші, галерист Лейла Махаттың «Осындамын» атты жеке сурет көрмесі өтті.

Қазақстандық және халықаралық жобалардың авторы және кураторы Лейла Махаттың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында өткізілген көрмесі қазіргі заманауи суретшілерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасының мәдениетіне қосқан үлесі үшін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атты мемлекеттік сыйлығының иегері Лейла Махаттың туындылары бүгінге дейін Қазақстан, Ресей, Америка Құрама Штаттары, Италия, Чехия, Словакия, Жапония, Қытай, Бангладеш, Үндістан, Нидерланды, Австрия, Германия, Молдова, Түркия және Словения елдерінің мұражайлары мен көрме залдарында өтті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз