Қазақстандықтар қажылыққа аттанды

0
131
Қажылыққа аттанғалы тұрған қазақстандықтар. Сурет: kazislam.kz

30 шілде күні Шымкент әуежайынан қажылық сапарына ниеттенген қазақстандықтардың алғашқы легі Меккеге аттанды. Бұл туралы kazislam.kz сайты хабарлады. 

Қажыларды сапарға шығарып салу салтанатында Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев сөз алып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың құттықтау сәлемін жеткізді.

Мүфтидің хатында: “Қасиетті қажылық парызының жауапкершілігі мен марапаты шексіз құлшылық. Мүмкіндігі жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық ғибадаты парыз болғандықтан, оны орындаушы, ең бірінші, Алланың сый-сияпатына кенеледі. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған адамның күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыз (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын): “Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады”,– делінген.

Еске салайық, биыл Қазақстаннан қажылық сапарын өтеу үшін 3200 адам Сауд Арабиясына аттанады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз