Қазақстанның үздік кәсіпкерлері “Алтын Сапа” сыйлығын иеленді

0
163

13 желтоқсан күні Нұр-Сұлтандағы Конгресс орталықта Қазақстанның бірқатар кәсіпкерлері мемлекеттік “Алтын Сапа” сыйлығына ие болды.

Марапат иелеріне сыйлықты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Асқар Мамин, министрлер мен депутаттар табыстады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

“Бүгінгі марапат – сіздердің еңбектеріңізге мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Осындай игі бастама еліміздегі кәсіпорындарды дамытуға ерекше серпін беретіні анық, сондай-ақ отандық өнім өндірушілерді зор жетістіктерге ынталандандырады деп сенеміз. “Парыз”, “Алын сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” ұлттық конкурс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайтамын”, – деді Тоқаев.

Сонымен, “Парыз” байқауының гран-приі “Еуразиялық топқа” берілді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Еуразиялық топ” басшысы Александр Машкевичке “Парыз” сыйлығын беріп тұр.

Мұнымен қоса, “Парыз” байқауының “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын” аталымында алтын жүлденің жеңімпазы ретінде Қызылорда облысындағы “Абзал и К” компаниясы марапатталды. Бұдан бөлек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан “Алтын Сапа” сыйлығының “Үздік индустриялық жоба” арнайы сыйлығы бойынша Қарағанды облысындағы “Бёмер Арматура” ЖШС марапат алды. Сонымен қатар, “Үздік инновациялық жоба” арнайы сыйлығында Қызылорда облысындағы “СКЗ-U” ЖШС жеңімпаз болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз