Қазгидромет дауылды ескерту жариялайды

0
112

Қазгидромет Ақмола облысында1 қараша сағат 21-ден 4 қараша сағат 21-ге дейінгі аралыққа дауылды ескерту жариялады.

2-4 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз 2 қарашада, түнде 3 қарашада екпіні 25 м/с күшейеді.

Астана қаласында 2 қарашада бұрқасын күтіледі. 2 қарашада күндіз, 3 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 3-4 қарашада көктайғақ күтіледі.

Сондай-ақ, 5 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Елордада 5 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз