«ҚазЛатын» интернет-порталы іске қосылмақ

0
183

Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында берген мәлімдемесінде алдағы уақытта «Қазлатын» атты интернет-портал ашу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Мұндай сайттар мен порталдар жасап жатқан жұмыстарымызды жеңілдетеді. Алдағы уақытта қандай жұмыстар жасалады, нендей жұмыстар жасау қажет, қандай ғылыми шаралар бар деген сынды сұрақтардың барлығынан сіздерді хабардар ететін боламыз», – деді Ербол Тілешов.

Жаңа әліпби бірнеше күн бұрын Елбасына таныстырылған болатын. Тілешовтың айтуынша, жаңа әліпби жұмысына еліміздің танымал 5 ғалымы қатысқан. Десе де әліпбидің жаңа жобасын жасауға атсалысқан мамандарға қосымша қаражат төленбеген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз