Бүгін әлемде “шылым шегуден бас тарту” күні

0
324

Әр жылдың қараша айының үшінші бейсенбісі халықаралық темекі шегуден бас тарту күні . Ол 1977 жылы Америка онкологиялық қоғамымен бекітілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес әлемде адам өлімінің 90 пайызы – өкпе обырынан, 75 пайызы – созылмалы бронхиттен, 25 пайызы ишемиялық жүрек қан тамырлары ауруынан болады екен. Бұл аурулар үздіксіз шылым шегу салдарынан пайда болады.

Қазақстанда осы жылдың төрт айында 4 млрд темекі өнімі шығарылды. Өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға кем. Дегенмен, осы көрсеткіштің өзі елдегі темекі өнімдеріне деген сұраныстың едәуір көп екендігін көрсетеді.

Қазақстан бойынша ең қымбат темекі Жезқазғанда 393 теңгеге сатылып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға қымбат. Тараз қаласында темекі бағасы жыл басынан бері 16,6 пайызға өсіп, 326 теңгеден 380 теңгеге жеткен. Ал, Ақтауда бұл баға 390 теңгені, Көкшетауда 385 теңгені көрсетіп тұр. Орал қаласында темекі бағасына 4,3 пайыз ғана қосылып, 350 теңгеден 365 теңгеге қымбаттаған. Күніне бір қорап шылым шегетін жан, орта есеппен ай сайын 11 190 теңге, жылына 134 280 теңгесін осы зиянкеске жұмсайды екен.

2018 жылдың 15 қарашасын бүкіл әлем шылым шегуден бас тарту күні деп жариялады. Бұл күнді 1977 жылы Америка онкологтары қоғамы арнайы бекіткен. Басты мақсат – адам өмірін жалмайтын темекіге деген тәуелділікпен күресу, азаматтарға шылым шегудің зиянын тереңірек түсіндіру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз