Бүгін-тыныштық күні

0
195

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихатқа тыйым салынатын «тыныштық күні» орнады,Сайлау туралы ҚР Конституциялық заңына сәйкес, сайлауға бір күн қалғанда және дауыс беру күнінде ешқандай насихат жүргізілмеуі тиіс.

Сайлауалды штабтар мен сенімді өкілдер еш шара өткізе алмайды. Бұл тыйым барлық үгіт-насихат түрлеріне қатысты:«Тыныштық күні» сайлауалды бейнероликтер теледидардан көрсетілмейді, парақшалар таратылмайды және сайлаушылармен кездесу өткізілмейді.  Сайлау алдындағы науқан сайлаудан бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.

Сонымен бірге, БАҚ бетінде немесе интернет-басылымда шыққан үгіт материалдарын жою міндетті емес. Оның бастапқы орны сақталуы керек. Яғни «тыныштық күніне» дейін жарық көрген материалдар интернет-ресурстардың басты бетіне шығып кетпеуі тиіс.

2019 жылдың 9 маусымында, Қазақстандағы кезектен тыс сайлау күнінде учаскелік сайлау комиссияларында дауыс беру сағат 7.00-20.00 аралығында жүргізіледі. Сондай-ақ, дауыс беру уақыты өзгертілген сайлау учаскелері де бар. Бұл норма әскери бөлімдерде, шалғай ауылдарда, отарлы мал шаруашылығында, емдеу орындары мен санаторийлерде, тергеу изоляторларына қатысты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз