БҰҰ Көкжайлау жобасын тоқтату туралы шешімді қолдады

0
220
Courtesy photo

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ-ы бас хатшысының орынбасары Ольга Алгаеровадан хат келіп түскен. БҰҰ өкілі хатта Тоқаевтың “Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салуға тыйым салу” туралы шешімін қолдаған. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та хабарлады.

“Сіздің “барлық шешімдерді қабылдау кезінде халықтың ой-пікірін ескеріп, қоғамдық тыңдаулар жүргізу керек және қабылданатын іс-шаралардың мән-маңызын азаматтарға жан-жақты түсіндіру қажет” деген сөзіңіз маған ерекше әсер етті. Бұл тұжырым Қазақстанның ашық және өз азаматтарының белсенді рөліне негізделген шешімдер қабылдау ұстанымын ілгерілетуге бейілділігін көрсетеді” деп Уәли Ольга Алгаерованың хатынан үзінді келтіреді.

Қазан айының соңында Алматыға жұмыс сапарымен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлауға салынатын тау шаңғысы курортының жобасын тоқтату қажеттігін айтқан. Оның “Бұл мәселеге қайта-қайта орала бермес үшін бүгін біржола тыйым салдым. Көкжайлау тау-шаңғысы курортына қажеттілік жоқ” деген сөзі баспасөзде жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз