Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережесін жеңілдету ұсынылды

0
117
bnews-ке тиесілі

Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басшысы Бағдат Мусин шетелдіктердің Қазақстанда болу ережесін олардың есебінен жеңілдетуді ұсынды. Ол бұл туралы сейсенбі күні Facebook парақшасында жазды.

Бағдат Мусин, әсіресе, Қазақстанда тұрақтау мерзімін ұзарту үшін шетелдіктердің бір күнге болса да елден кетіп, қайта келуге мәжбүр екеніне таңданысын білдірді.

«Түсінбеймін, шетелдік азамат елімізде тағы 30-60 күн тұруға рұқсат алу үшін, неге міндетті түрде елден бір күнге кетуі керек? Бұл ақылға қонымсыз жайт, олар келіп-кетуге екі күн кетіріп, 300-400 доллар жұмсайды (мәселен, Бішкекке барып-келу үшін). Одан да мемлекетке 100 доллар төлейтіндей ресми ереже шығарсақ қайтеді? Олар тағы 30-60 күнге қала алатындай етіп», – деп жазды ол.

Ерлан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз