Бағдат Мусин қызметінен босатылды

0
142

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Бағдат Мусин қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз