Балаларға жазғы демалысында тегін қызмет көрсететін орындар

0
355

ҚР премьер-министрі А. Мамин өңірлер әкімдеріне балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыруды ерекше бақылауға алуды тапсырды

ҚР Үкіметінің басшысы өңірлерге жаз мезгілінде балалардың демалысы мен бос уақытын тиісті деңгейде ұйымдастыру шараларын дереу қабылдауды тапсырды.

«Балалардың демалысын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Ол әр отбасыға қатысты», — деді ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин

«Балалар каникул кезінде музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктерге, спорт нысандарына тегін кіре алуы қажет. Тақырыптық кездесулер, іс-шаралар, сапарлар ұйымдастыру керек», — деді А. Мамин. — Жазғы бос уақытты ұйымдастыру үшін меценаттарды белсендірек тарту қажет, өңірлерде жағымды мысалдар бар»

ҚР Премьер-Министрі жазғы демалыс шараларын ұйымдастыру аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып өтіп, ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау органдарына, өңірлердің әкімдіктеріне тиісті қызметтердің жұмысын жұмылдыруды тапсырды.
Балалардың денсаулығын нығайту және қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қоғамдық орындардағы тамақтану сапасына, тамақтану орындары мен бос уақытты өткізу орындарында санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлу қажет.

«Барлық лагерлер медицина қызметкерлерімен және тиісті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі тиіс», — деді Асқар Мамин.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан келесі жылы лагерьлердің санын арттыру бойынша ұсыныстарына қолдау білдірілді.

«Санаторийлер мен туристік базалар, ұлттық саябақтар және жоғары оқу орындары жанында бір мыңға дейін жазғы сауықтыру орталықтарын ашу, жұмыс істемей тұрғандарын оңалту бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. Бұл балаларды жазғы демалыспен толық қамтуға мүмкіндік береді», —  деді А. Мамин және өңірлердің әкімдіктеріне балалардың демалысын ерекше бақылауға алып, балаларды демалыспен және іспен шұғылданумен барынша қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз