Батыс Қазақстанда су тасқыны

0
707

Көп мөлшерде жауған қардың еруі салдарынан былтыр жөндеуден өткен су бөгеті шайылып кетті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлайды.

Қардың қарқынды еруінің салдарынан судың көлемі күрт асып бөгетті бұзып өткен. Былтыр жөндеуден өткен Переметный кенті маңындағы су бөгеті Қаражар және Зеленое ауылдарының пайдасына жарайды деген жоспармен салынған еді.

Қазіргі таңда мердігерлер су шайып кеткен бөгетті қайта қалпына келтіру үстінде.
Айта кетейік, батыс Қазақстан облысын су басу қаупі мәжілісте алдын-ала талқыға салынған болатын.

Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысында да қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынмен жалғасуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз