Дәрігерлік оқуға түсу үшін қосымша емтихан енгізіледі

0
182

Алдағы уақытта республикада медициналық жоғарғы оқу орнына түсем деушілер қосымша емтихан тапсыратын болады. Дәрігер мамандығын иемденемінгісі келетіндерге жаңадан енгізілетін емтихан туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Елжан Біртанов мәлімдеді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: Кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жəне медициналық қызметкерлердің біліктілігін, деңгейін арттыру шеңберінде бірнеше іс-шара жоспарланған. Олардың арасында медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу үшін қосымша емтихан енгізіледі. ЖОО мен колледждердің түлектерін міндетті түрде тәуелсіз бағалау заңды түрде бекітіледі. Тәуелсіз бағалау нəтижесінде біз оқу орындары түлектерін əрі қарай жұмысқа тұрғызу мүмкіндіктерін қарастырамыз. 

Сонымен қоса, министр Үкімет отырысында әкімдерден қолдау көрсетулерін сұрап ауылдық жерлерде дәрігер тапшылығы мәселесін бақылауда ұстауды өтінді.

Денсаулық сақтау министрінің баяндамасынан кейін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев елдегі ауруханаларды заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев: Алдымен денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жағдайын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету проблемасын шешу қажет. Бұл жерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әдісін толыққанды пайдалану керек. Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылым минитсрлігі және әкімдіктермен бірлесіп арнайы маман дәрігерлерді оқыту, емханаларды дәрігер кадрлармен қамту, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын қабылдасын

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз