Disney ертегілері қазақ тілінде жарық көрді

0
619

Қазақстанда алғаш рет Disney ертегілері қазақ тіліне аударылып, жарық көрді.

20 желтоқсан күні Алматы қаласында Disney кітаптарының қазақ тіліндегі шығарылымының тұсаукесері өтті. Кітаптарды “AbayBooks” баспа үйі ұйымдастырып, мемлекеттік тілге аударып отыр. Бүгінде баспа Қазақстандағы Disney кітап өнімдерінің лицензияланған өкілі.

2018 жылы Фридрих Эберт қорымен “Орта азия жастары. Қазақстан” атты жоба барысында балалардың 78,6%-ы кітапты сирек оқитынын анықтаған. Сауалнама Қазақстанның 14 аймағында 1000 респонденттен алынған.

Қазақ тіліне аударылған кітаптың құны 2190 теңге. Disney ертегілерін барлық кітап дүкендерінен алуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз