Еңбек министрлігі: 165 мың жаңа жұмыс орны құрылды

0
217

Еңбек және халықты қорғау министрлігі жұмыспен қамту жол картасы бойынша (ЖҚЖК) 2020-2021 жылға 6,4 мыңға жоба дайындалып, 165 мың жұмыс орны құрылғанын хабарлады.

Жергілікті орган нақтырақ 6 762 жобаны іріктеп, 4 негізгі бағытқа жіктеген:

  • әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 729 жоба);
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 088 жоба);
  • инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 926 жоба);
  • елді мекендерді абаттандыру (1 019 жоба).

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезіндегі ерекше шарттар ретінде:

  • отандық өндірушілер тауарларымен қызметтерін кемінде 90% қолдану;
  • жұмысшылардың ең аз дегенде жартысын жұмыспен қамту орталығынан жалдау;
  • басым бөлігі жұмыссыз жастарға беріледі.

Осы шарттармен қоса мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтап, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуі керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз