“Елбасы және мен” фотобайқауы басталды

0
159

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай «Елбасы және мен» республикалық фотобайқауы басталды.

«Елбасы және мен» фотобайқауы қарашаның 14-30 аралығында өтетін болады. Байқауға қатысушылар Мемлекет басшысымен түскен фотосын «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына #ElbasyJaneMen хэштегімен жариялап, өзінің жарияланымының астына ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетін @kdms.gov белгілеу; Instagram-дағы ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетінің @kdms.gov парақшасына, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің парақшасына @kdm.gov.kz, қалалық қоғамдық даму істері басқармасының @qogamdyk_damy_astana парақшасына жазылуы шарт. Сонымен қоса Елбасымен түскен суретін жариялаумен қатар, кездесуден алған әсерін жазу қажет. Әлеуметтік желі байқауын еліміздің кез клген азаматтары және барлық өңірден қатыса алады, сондай-ақ, жас ерекшелігінде шектеу қойылмаған.

Жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуді насихаттау, алдағы уақытта қазақстандық қоғамда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекетті қалыптастырудағы тарихи ролін ауқымды етіп, күшейте түсу.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үш сыйлық санатында бағалы сыйлықтарға ие болады, ал әділқазылар таңдаған ең үздік суреттер «Mega Silk Way» ОСО, Тұңғыш Президент кітапханасы, Хан Шатыр ОСО фотокөрмесіне қойылады. Байқауда ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитетінің парақшасында ең көп лайк жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

View this post on Instagram

Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевпен жүздесіп, Елордамыздың гүлденуіне үлес қосып, Нұрекеңмен бірге тал отырғызып, қолын алып қайттық. Жоқтан бар жасап, 20 жылдың ішінде, төбесі көкпен таласқан Елордамызды тұрғызып, болашақ ұрпаққа, жастарға осындай мүмкіндіктер туғызып отыр. Бұл Елбасымыздың көрегендігі, мықты саясаткерлігі. Есте қалар елеулі күндердің бірі болды. Бұл да бір үлкен жетістік. Жемісті, жеңісті күндеріңіз көп болғай. @elbasy_live #мыңдабіралғыс #ElbasyJoly #Elbasy #жасылел2018 #qazaqstan #zhasotan_enu #Astana #jas_otan #ЖасылБелдеу #birgemiz #ElbasyJaneMen

A post shared by . Абыкенов ЕРЕКЕ Серікұлы (@abykenoverasyl) on

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз