Елде сотталғандар саны 35 пайызға төмендеген

0
113

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Бас рокуроры Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бас проркурор кездесу барысында Мемлекет басшысына елдегі құқық қорғау органдарының қызметі мен бүгінге дейін жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді.

Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүдделерінің сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын алға тартып, «Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет» – деді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы сотталғандар саны 35 пайызға азайғанын тілге тиек етті.

Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін айта отырып «Прокуратура органдары тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді» – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз