Елде төлем картасын қолданушылар саны артты

0
184

Республикада төлем карталарын пайдаланатындар саны өткен жылға қарағанда 2.2 есеге артқан. Соңғы жылы айналымдағы төлем карталар саны 19,2%-ға, 21,3 млн-ға дейін артқан. Биылғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша карта ұстайтындар саны 17,5 млн-ға жеткен.

Мамандардың айтуынша қазіргі уақытта төлем карталарын қолданушылардың орташа чегі 11 мың 164 теңгені құрайды. Республика бойынша төлем карталарын қолданушылардың басым көпшілігі Алматыда. Қыркүйекте Алматыға бүкіл елдегі қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемінің 67% тиесілі болған. Алматы – картамен қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемі қолма-қол ақша көлемінен артатын Қазақстандағы жалғыз қала.

Сонымен қоса бүгінде елде интернет желісе арқылы төлем қабылдау түрі де артып келеді. Алдағы бірнеше жылда әлемнің бірқатар елдерінде қолма-қол төлем жасау түрі толығымен жойылуы мүмкін дейді сарапшылар.

Карточкалық төлем жүйесінің зиянды жақтарымен қоса пайдасы да жоқ емес. Ол бүкіл сауда транзакцияларын өз бақылауына алады. Әрбір сауда операциясы банктер арқылы жүргізіліп отыратындықтан кімнің қанша ақша жаратын отырғандығы тіркеледі. Демек салықтан жалтарып кету сынды «жаман» әдеттер тыйылатын болады…

Карталық төленмің тағы бір пайдасы, ұры-қары қаптаған заманда қалтаңыздағы ақшаңызды қолды қылудан да құтыласыз. Төлем карталарының ендігі бір артықшылығын шетелдерге сапарлағанда көресіз. Кеден бекетінен өтер уақытта қалтаңда ірі ақша болса, декларация толтыруың қажет. Яғни, аталған құжатта шетелге қанша сома алып бара жатқаныңды, оны не мақсатта жарататыныңды толық көрсетуің тиіс. Ал, карточкаға ақша салып шықсаңыз мұндай проблемалардан аулақ боласыз.

Бүгінде батыс елдері біртіндеп қолма-қол төлемнен бас тартуда. Үндістан ірі купюраларды айналымнан мүлдем алып тастап үлгерген. Алдағы 5-10 жылда Сеул карталық төлем жүйесіне түбегейлі ауыспақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз