Елдегі жанар-жағармай бағасының жай-күйі қалай?

0
106

Елдегі АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы 151 теңгені құрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Салыстырып қарайтын болсақ, «Газпром нефть-Казахстан» жанармай құю бекетінде АИ-92 маркалы бензин 151 тг, G drive 95 -170. АИ-98 181 теңге болса, дизель отыны 150 тг.

Helios жанармай бекеттерінде АИ-92 150 тг, АИ-95 164 тг.

Royal Petrol жанармай бекеттерінде бензиннің АИ-92 маркасы148тг, ал АИ-95 маркалы бензинінің литрі 161 тенге.

Sinooil – да АИ-92 146 тг, ал АИ-95 161 теңгені құрайды.

«Қазмұнайгаз өнімдері» веб-сайтының мәліметі бойынша, AИ-92 маркалы бензин 147 теңге болса, АИ-95 маркалы бензин бренді 160 теңге тұрады.

Осыған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев елдегі басты мұнай өңдеу зауыттарының жөндеу мерзімі қараша айының соңында аяқталатынын және елдегі бензин тапшылығы қараша айының екінше жартысында қалпына келтірілетінін мәлімдеген болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз